Шетелдік туристер бұдан былай жарна төлемейді

Шетелдік туристер бұдан былай жарна төлемейді
Қазақстандағы шетелдік туристер енді жарна төлемейді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.
 
 
«2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады», - деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Өзгерістер ағымдағы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.
 
2023 жылы шетелдіктерден жергілікті бюджетке 314 миллион теңгеге жуық туристік жарна түскен. Туристік жарна түсімі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполиске жалпы соманың 86%-ы немесе 270,6 млн теңге түскен.
 
Айта кету керек, бұған дейін елімізде 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690-нан 1726 теңгеге дейін) белгіленген салық мөлшерлемелері болған.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.