SCAT әуе паркі жаңа ұшақпен толықты

Қазақстан жаңалықтары
26.09.2025
14:00
SCAT әуе паркі жаңа ұшақпен толықты

SCAT әуе компаниясының флоты тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесімен толықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл әуе компанияның осы үлгідегі он бірінші ұшағы.


 

SCAT ішкі және халықаралық әуе рейстерін орындау үшін 35 заманауи ұшақты қолданады. Жаңа Boeing 737 MAX 8 биыл әкелінген үшінші әуе кемесі. Жыл соңына дейін әуе компания флоты осы үлгідегі тағы бір ұшақпен толығады.


 

Boeing 737 MAX 8 халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары экологиялық тиімділікке ие.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.