Павлодарда инвестициялық штаб отырысында Ертістің сол жағалауында эко-қалашық салынатыны талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Жаңа туристік жоба «KAZAKH INVEST «Ұлттық компаниясы» АҚ қатысуымен іске асады.
Облыс әкімі Асайын Байханов жобаның экологиялық бөлігін зерделеуді, қоқысты шығару, сумен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Шарбақты ауданында қуаттылығы тәулігіне 1200 тонна май тұқымын өңдейтін май-экстракция зауытын салу жоспарлануда. Өнімнің негізгі түрлері күнбағыс майы мен күнжара болмақ.
Зауытта 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны қаржыландыруға, болашақ зауыт аумағының жанынан өтетін теміржол, инженерлік желілер салуға және күнбағыс өсіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беруге қатысты мәселелер көтерілді. Екі жобаны іске асыру үшін 18 миллиард теңге қажет екендігі айтылды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.