Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Neo Nomad визасын қалай алуға болады?
Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат мынадай талаптарға сай болуы керек:
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісі бар екенін (айына кем дегенде 3000 АҚШ долларын құрауы қажет) растауға тиіс;
Медициналық сақтандырудың болуы;
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама ұсыну.
Neo Nomad визасын кімдер ала алады?
Бұл виза әртүрлі салада қашықтан жұмыс істейтін туристерге, яғни бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды коммерция сияқты түрлі салаларда қызмет ететін шетелдік азаматтарға арналған.
Қазақстанда қанша уақытқа қалуға болады?
Neo Nomad иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады.
Neo Nomad Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл бағдарламаның маңызды аспектісі.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.