Наурыз мейрамында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

Қазақстан жаңалықтары
13.02.2026
11:25
Наурыз мейрамында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша  230 тіркеме вагондар қосылады. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.


 

Қосымша пойыздар қозғалысы:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

• Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;

• Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

 

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

• Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;

• Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы — 8 рейс.

 

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

• Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;

• Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.


 

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.