Министр ірі әуежайларға қытай тілін меңгерген мамандарды тартуды тапсырды

Қазақстан жаңалықтары
06.08.2024
15:30
Министр ірі әуежайларға қытай тілін меңгерген мамандарды тартуды тапсырды
Мамандар көлік инфрақұрылымын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына дайындайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
ҚР Көлік министрінің төрағалығымен ҚР ТСМ Индустрия және туризм комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Kazakh Tourism, Қазақстан темір жолы, ҚазАвтоЖол, әуежайлар, әуе компаниялары және теміржол вокзалдары басшыларының қатысуымен келесі 2025 жылы орын алатын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы бойынша жиналыс өтті.

Индустрия және туризм комитетінің төрағасы 2023 жылы Қытайдан келген туристердің ағыны 367 мың адамды құрағанын, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 есе көп екенін айтты. Сонымен қатар туризм саласындағы жоспарланған іс-шаралар туралы мәлім етті. Бұл ретте көлік инфрақұрылымының рөлі ерекше.

Жиын қорытындысы бойынша Министр келесі жылға дайындықты бастауды тапсырды. 

Мәселен:

— туристерге арналған тіркеу тіректерінің санын арттыру; 

— ірі әуежайлар мен теміржол вокзалдарына қытай тілін меңгерген қосымша мамандарды тарту, арнайы брошюралар жасақтау және т/б.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.