Құтқарушылар жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті

Қазақстан жаңалықтары
22.12.2025
10:06
Құтқарушылар жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті

ТЖМ қызметкерлері жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қойбағар ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан республикалық маңызы бар «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автомобиль жолында ТЖМ қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетті.



Көлік техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған. Құтқарушылардың күшімен көліктен үш адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының екі азаматы эвакуацияланды. Жолаушылар Қойбағар ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді.


 

Ер адамдар жедел көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

 


ТЖМ ескертеді: ауа райы қолайсыз кезеңдерде жолда аса мұқият болу, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеру және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпау қажет.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.