ҚТЖ Қытайда бірқатар құжаттарға қол қойылды

Қазақстан жаңалықтары
20.11.2025
20:55
ҚТЖ Қытайда бірқатар құжаттарға қол қойылды

ҚТЖ Қытайда бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 


Сиань қаласында (ҚХР) «Қытай – Еуропа» жобасы бойынша халықаралық ынтымақтастықтың екінші форумына қатысу шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы халықаралық әріптестікті дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты.

 


Қол қойылған келісімдер Қытай-Еуропабағытын дамытуды, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКБ) ілгерілетуді, сондай – ақжетекші қытай логистикалық операторларымен бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, көліктік-логистикалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қамтиды.  

 


Олардың ішінде – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – KTZ Express және YXE Trading Service Group арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық тереңдету туралы меморандум.

 


Құжат бірлескен логистикалық сервистерді дамытуға, Қытай – Еуропа бағытының тиімділігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКБ) ілгерілетуге бағытталған.

 


Меморандумға қол қою тараптардың практикалық өзара іс-қимылын күшейтеді жәнеАзия мен Еуропа арасында бәсекеге қабілеттікөлік-логистикалық тізбектерді қалыптастыруүшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Сол жерде «Транскаспий халықаралықкөлік бағдарын жоғары сапалы бірлесіп дамыту туралы бастамаға» қол қойылды.



Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «АТЖ» ЖАҚ, «ГТЖ» АҚ, CRCT, ТХКБ және Сиань халықаралық порт-тобы қол қойды. 

Бастама цифрландыру, жоғары тиімділік, орнықтылық, қауіпсіздік және тұрақтылық маршрут бойындағы елдер мен өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету сияқты қағидаттарға бағдарлана отырып, транскаспий бағыты бойынша Қытай – Еуропа теміржол контейнерлік экспресстерінің жоғары сапалы жұмыс істеуіне жәрдемдесуге бағытталған.


 

Сонымен қатар, форум алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен China Development Bank арасындағы ынтымақтастық туралымеморандумға» және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен TheExport-Import Bank of China арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойылды.


 

Осы бастамалардың барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың елдің транзиттік әлеуетін одан әрідамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде. Бұл құжаттар көлік жүйелерін тиімді интеграциялау, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және еуразиялық логистиканың негізгі буыны ретіндегі ұстанымын нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады.   

 

Форум шеңберінде келісімдерге қол қою ҚТЖ-ның өсіп келе жатқан халықаралық беделінің және компанияның жаһандық әріптестермен байланыстарды нығайтуға ұмтылысының кезекті растауы болды.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.