Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited көлік инфрақұрылымын дамыту үшін келісімге қол қойды

Қазақстан жаңалықтары
26.04.2024
11:15
Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited көлік инфрақұрылымын дамыту үшін келісімге қол қойды
Аталған меморандумның мақсаты – халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы демалыс алаңдарында СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдерге қызмет көрсету станцияларын монтаждау және пайдалану жөніндегі жобаны өрістету, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Аталған жоба Қазақстанда экологиялық таза көліктердің одан әрі таралуына ықпал ете отырып, электромобиль иелері үшін ыңғайлы және қолжетімді инфрақұрылым құруға бағытталған.

Айта кетейік, бұл келісім СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысты көрсетеді. Осы стратегиялық әріптестікте ҚР Көлік саласындағы инновациялық шешімдерді интеграциялау саласындағы танылған көшбасшы – Car Pad Transformer Limited Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің серіктесі болмақ.

Ынтымақтастық аясында орнатылатын станциялар автомобиль қозғалысының барлық қатысушысы үшін қолайлы мультисервистік ортаны қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Олардың құрамына электромобильдерді зарядтауға арналған нүктелер, сауда алаңдары кіреді. Ол осындай алаңдарды автомобильдерге қызмет көрсету орны деп қана шектелмей, сонымен қатар жүргізушілер мен жолаушылар үшін ыңғайлы демалыс орнына айналдырады.

ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен Car Park Transformer Limited арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою елдегі экологиялық таза көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа перспективалар ашып, орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуге бағытталады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.