Көлік министрлігі: Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі

Қазақстан жаңалықтары
11.11.2025
12:43
Көлік министрлігі: Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміжол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Ол бұл жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы екенін, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылғанын айтты.


 

«Қазіргі уақытта 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген. Жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір. 


124 нысанның 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 3 вокзал бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары ретінде ғылыми-зерттеулер жағасуда. Ол нысандарға жөндеу 2026 жылы жүргізілетін болады», — деді вице-министр.

 


 

Оның айтуынша вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Техникалық тексерулер нәтижесінде кейбір тіреуіш бағандар мен жекелеген конструкцияларда ары қарай пайдалануға жарамсыз ақаулар анықталған. Осыған байланысты 42 нысан толықтай бұзылды.


 

«Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуі қажет», — деді ол. 

 


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.