Қытайда Қазақстан әртістері концерт қойды

Қазақстан жаңалықтары
26.06.2024
11:00
Қытайда Қазақстан әртістері концерт қойды
«Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы» аясында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дэчжоу (Шаньдун өлкесі) және Ланфан (Хэбэй) қалаларында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының гастролін ұйымдастырды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Дэчжоу қаласында өткен концерттің ашылу салтанатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев және Шаньдун өлк. Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Сунь Ебао сөз сөйледі.

Қазақстандық дипломат көрермендерді Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі жетістіктері туралы хабардар етті.

Биылғы жыл «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында өтіп жатқанына назар аударып, қатысушыларды Қазақстанның көрікті жерлеріне баруға шақырды.

Сунь Ебао өз сөзінде Қазақстан Қытайдың жақын досы және сенімді серіктесі екенін атап өтті. Ол екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан серпінін атап, бұл екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосымша серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Концерт бағдарламасына «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» би ансамблі, дәстүрлі орындаушылар Елмұр Жаңаберген, Ерболат Шалдыбеков, Ардақ Балажанова, опера әншілері Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, сондай-ақ танымал әнші Әділхан Макиннің қойылымдары кірді.

Іс-шаралар толық залмен өтіп, қонақтардың жалпы саны 2000 астам көрерменді құрады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.