Қазақстанның туристік қызметтері экспорты жарты жылда 18 пайызға өсті

Қазақстан жаңалықтары
13.11.2025
15:23
Қазақстанның туристік қызметтері экспорты жарты жылда 18 пайызға өсті

Қазақстанның туристік қызметтері экспорты жарты жылда 18% өсті, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша туристік қызметтер экспортының үлесі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға өсті және 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте елімізге Қытайдан келушілерден түскен кіріс 50% артып, 192 млн АҚШ долларына жетті. 


Шетелден түсетін кірісті тартудың маңыздылығые және ішкі туризм неге әлеуметтік бағыт ретінде қарастырылады? Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында түсіндірді.


 

2024 жылы туристік қызметтер экспорты 2,6 млрд АҚШ долларын құрады.


 

«Кіру туризмі ел экономикасына валюта әкеледі. Қытайдан келген қонақ юань, Германиядан келген турист еуро жұмсайды. Бұл - біздің туристік қызметтеріміздің тікелей экспорты. Туризмнің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі көп емес. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш ЖІӨ 10% дейін жетуі мүмкін, ал ақшалай түрде 20-30 млрд АҚШ долларын құрайды. Сондықтан кіру туризмін дамытудың негізгі мақсаты - шетелден пайда әкелу және оны халыққа, жергілікті бизнеске тигізу», – деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Даниел Сержанұлы саланың бағыттары арасындағы айырмашылықты да атап өтті. 
 


Ішкі туризм азаматтардың денсаулығы мен қалпына келуіне ықпал ететін әлеуметтік аспект ретінде қарастырылады.


 

«Ішкі туризм әлеуметтік бағыт ретінде қарастырылады. Неге? Себебі адамдарға демалу мен рекреация қажет. Бұл жұмыстағы еңбек демалысы кезінде күш-қуатты қалпына келтіру мүмкіндігі. Сондықтан тұрғындар Алакөлге, Балқашқа барып демалады», – деп қосты Даниел Сержанұлы.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.