Қазақстан ресейлік туристер жиі баратын елдердің алғашқы үштігіне кірді

Қазақстан жаңалықтары
06.02.2024
11:12
Қазақстан ресейлік туристер жиі баратын елдердің алғашқы үштігіне кірді
Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі 2023 жылы ресейлік туристердің қай елдерге жиі баратыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы КрышаТурДома сайты жазды.

Ақпаратқа сүйенсек, Абхазия мен Түркия көшбастап тұрса (5,75 миллион және 5,62 миллион турист), ал Қазақстан үшінші орынға жайғасты. Елімізге саяхаттайтын ресейліктердің саны 2 млн 94 мыңға жеткен.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа БАӘ, Египет, Грузия, Армения, Таиланд, Қытай және Финляндия кірді. Жалпы ресейліктер шетелге 9,3 миллион рет саяхаттаған.

2023 жылы ресейлік саяхатшылар шетелге 27 миллион сапар шеккен, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (23,1 миллион) 17 пайызға артық.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.