Бүгін Алматыда Куала-Лумпурдан Алматыға алғашқы тікелей әуе рейстерінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Тікелей рейстерді малайзиялық AirAsia әуе компаниясы іске асыратын болады. Малайзияның астанасынан ұшып келген алғашқы жолаушылар рейсі кеше Алматы әуежайына сәтті қонды.
Малайзиялық лоукостер үшін Қазақстан – Орта Азия елдерінің арасындағы алғашқы бағыт. Стратегиялық серіктес ретінде AirAsia Алматыға Малайзия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен саяхатшылар әкеліп қана қоймай, Куала-Лумпур арқылы қазақстандық туристер үшін атап өтілген аймақ бойынша 130 жаңа бағыт ашады.
Алдағы серіктестік аясында бүгін AirAsia X бас директоры Бенджамин Исмаил мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум Қазақстан мен Малайзия арасындағы туризмді ілгерілету барысындағы әуе компаниясы мен ұйым арасындағы коммерциялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.