Кәсіпкерлер Қазақстан туризмін дәріптеуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Отандық бизнес ел ішіндегі саяхатты танымал етуге атсалысуда. Kazakh Tourism және «ZEBRA COFFEE» кофеханалар желісі Қазақстанның туристік бағыттарын кең аудиторияға дәріптеу мақсатында бірлескен коллаборацияны таныстырды.
Енді бір стақан шай не кофе туған елге саяхатқа шақыруға аналады. Әлеуметтік жауапты бизнестің үлгісін ZEBRA COFFEE желісінің негізін қалаушы Ержан Тастамбеков көрсетті. Kazakh Tourism бірлесе іліміздің туристік дестинациялары бейнеленген 1 миллион брендтелген стақан шығарылды. Олардан Бозжыра шатқалын, Қайыңды көлдерін, Байқоңыр ғарыш айлағын, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркін, Алматы, Астана және Түркістан қалаларын көруге болады.
«Коллаборация - мемлекет пен бизнестің туған жеріміздің туристік әлеуетін дәріптеу жолында бірігуінің жарқын үлгісі. Бұл бастамаға ерекше қолдау білдіргені және ынта-жігері үшін ZEBRA COFFEE серіктестеріне алғысымызды білдіреміз.Бұл жобаны Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы күні таныстырудың символдық мәні зор. Біздің ынтымақтастығымыз - жергілікті компаниялар өз Отанының нағыз елшісі бола алатынына және ортақ іске үлес қоса алатынына жарқын мысал», - деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов.
Стакандағы QR-кодты сканерлеу арқылы арнайы парақша ашылады: https://zebra.qaztourism.kz/. Бұл платформада аталған туристік бағыттар туралы толық ақпарат, «Сапа белгісін» иеленген туробъектілер тізімі, сертификатталған гидтер туралы ақпарат және Қазақстан бойынша ең толық әрі сапалы нұсқаулықтың бірі ұсынылған. Бұдан бөлек, платформа қолданушылары үшін қонақ үйде тұруға эксклюзивті жеңілдіктер де қарастырылған.
«Kazakh Tourism бірлескен жоба бір қарапайым, бірақ қуатты идеядан бастау алды — әрқайсымызға Қазақстанның қаншалықты таңғажайып екенін еске салу. Осы кезеңдегі әрбір стақан кофе - бұл саяхатқа шақыру. Саяхат бізді өзгертеді деп сенеміз», — деді ZEBRA COFFEE негізін қалаушы Ержан Тастамбеков.
Туристік нысандар бейнеленген стакандар еліміздің түкпір-түкпірінде қолжетімді болады.