Алматы – Камран және Астана - Дубай рейстері кешіккен, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ағымдағы жылғы 20 ақпандағы VJ 062 рейсі "Vietjet" әуе компаниясының Алматы – Камран бағыты бойынша кесте бойынша сағат 02:05-те ұшуы тиіс болатын. Рейстің ұшуы ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 23-00-де жоспарланған.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық жолаушылар қонақ үйге орналастырылған, оларға сусындар, ыстық тамақ берілуде.
Сондай – ақ, "Fly Dubai" әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша ағымдағы жылғы 19 ақпандағы FZ 1304 рейсі бастапқыда 19 ақпандағы сағат 05-05-те ұшуға жоспарланған болатын, алайда техникалық ақаулық себебінен рейс ағымдағы жылғы 20 ақпандағы сағат 21-30-ға дейін кешіктіріледі.
Жолаушылар қонақ үйге орналастырылады, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сусындар, ыстық тамақ берілуде. Сондай-ақ, жолаушыларға әуе билеттерін қайта брондау және толық қайтару ұсынылды.
Сонымен қатар, туристік пакет шеңберінде әуе билеттерді сатып алған жолаушылар туроператорларға хабарласуы қажет.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.