Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар шығады

Қазақстан жаңалықтары
19.02.2026
10:00
Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар шығады

Ұлттық тасымалдаушы Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды.


 

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.


 

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан көруге болады.


 


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.