FlyArystan компаниясы жаңа ұшақпен толықты

Қазақстан жаңалықтары
22.04.2025
11:54
FlyArystan компаниясы жаңа ұшақпен толықты
«FlyArystan» компаниясының әуе кемелері паркі жаңа 320CEO ұшағымен толықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жолаушылар сұранысын қанағаттандыру және әуе тасымалдарды дамыту мақсатында ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп, тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. «FlyArystan» компаниясының әуе кемелерінің паркі Airbus-А 320СЕО типті жаңа 180 орындық ұшақпен толықтырылды.

Әуе кемесін пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, маршруттық желісін дамытуға ықпал етеді. Қазақстандық әуе компаниялардың кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.