Елордада гидтер мен экскурсоводтар форумы өтті

Қазақстан жаңалықтары
19.02.2026
16:41
Елордада гидтер мен экскурсоводтар форумы өтті

Астанадағы ҚР Президенттік орталығы алаңында жыл сайын 21 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік гидтер мен экскурсоводтар күніне орай II елордалық гидтер мен экскурсоводтар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Travelpress.kz.


 

Іс-шара туризм саласының мамандарын, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, экскурсиялық қызметті дамыту, туристік сервистің сапасын арттыру және туризм саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелерін талқылауға арналды.


 

Жиында ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов құттықтау сөз сөйлеп, гидтер мен экскурсоводтар қызметін реттеуге бағытталған, оның ішінде кәсіби мәртебесін белгілеу, біліктілік талаптары және саланың ашықтығын арттыруға қатысты заңнамалық өзгерістер туралы айтты. Сондай-ақ ол гидтер мен экскурсоводтардың елдің туристік имиджін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтіп, форум қатысушыларын кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік гидтер мен экскурсоводтар күнімен құттықтады.


 

Форум бағдарламасына уәкілетті орган өкілдері, өңірлік сарапшылар және халықаралық спикерлер қатысқан пленарлық отырыс пен тақырыптық панельдік сессиялар енгізілді. Талқылаулар барысында экскурсиялық қызметті мемлекеттік реттеу, Visit-орталықтарды дамыту, музей экскурсияларында заманауи әдістемелік тәсілдерді қолдану, сондай-ақ озық тәжірибелермен алмасу мәселелері қаралды.


 

II елордалық гидтер мен экскурсоводтар форумының қорытындысы бойынша экскурсиялық саланы дамытуға, туристік қызметтердің сапасын арттыруға және елдің туристік әлеуетін нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар жасалды.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.