Елорда әуежайы соңғы 3 айда 1,8 млн адамға қызмет көрсетті

Қазақстан жаңалықтары
23.04.2024
12:35
Елорда әуежайы соңғы 3 айда 1,8 млн адамға қызмет көрсетті
Елорда әуежайы соңғы 3 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Соңғы көрсеткіштерге көз жүгіртетін болсақ, қаңтар, ақпан, наурыз айында әуежай 1 840 357 жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көбірек.

Сонымен қатар осы уақыт аралығында рейстер саны 7539-ға жетті. Жүктер мен пошта тасымалының да нәтижелері өсіп, көлемі 1800 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштер Астана халықаралық әуежайының тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.

Әуежай басшылығы барлық жолаушылар мен жүк тасымалын оңтайландыру үшін қызмет сапасын арттыру және маршруттық желіні кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.