II Астана қалалық гидтер мен экскурсоводтар форумының аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ гидтерге QR-коды бар атаулы бейдждер беріп, ал саланың ардагерлеріне Алғыс хаттар табыстады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Талгат Газизов Астана, Қарағанды және Павлодар облыстарының гидтеріне бейдждер тапсырды. Бұл өңірлер – елорда тұрғындары үшін демалыс күнгі турлардың танымал бағыттары.
Бейдж иегерлері:
Асель Шуленбаева
Асель Алитянова
Самал Нурмаганбетова
Виктор Колодюк
Ерден Шегенов
Бейдж не береді?
e-Guide цифрлық модуліндегі гидтің ресми мәртебесін растайды
туристер тарапынан сенім мен ашықтықты қамтамасыз етеді
ел бойынша 50-ден астам туристік нысанға жеңілдікпен немесе тегін кіруге мүмкіндік береді
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 166 гид ресми бейдж алды.
Kazakh Tourism кәсіби гидтер қауымдастығын қалыптастыруға және елдегі туристік қызмет сапасын арттыруға айрықша мән береді.
