Бурабай бағытындағы пойыздарда жолаушылар саны үш жыл ішінде 10 есе өсті

Қазақстан жаңалықтары
17.06.2024
16:38
Бурабай бағытындағы пойыздарда жолаушылар саны үш жыл ішінде 10 есе өсті
Биыл Курорт-Бурабай бағытында пойыздарда 125 мың жолаушы тасымалдау жоспарлануда, бұл соңғы үш жылда көрсеткіш шыңына жеткелі тұр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Өткен жылы тасымалданған жолаушылар саны 86,2 мыңнан астам жолаушыны құрады. Салыстыру үшін, үш жыл бұрын (2020 жылы) 10 мың жолаушы тасымалданды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Бурабайға қарай 14 бағдар бойынша пойыздар жүреді.

Биыл Ұлттық тасымалдаушы “Астана-Бурабай курорты” бағдары бойынша жүрдек электр пойызының жүру уақытын қысқартты. Алдыңғы 4 сағаттың орнына жолаушылар жолда 2,5 сағат болады. Электр пойызы аптасына бес рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі жүреді. Сондай-ақ, күн сайын Бурабайға қарай №6829/6830 “Астана - Көкшетау” электр пойызы қатынайды.

№6829/6830 “Астана - Көкшетау”, №7553/7556 “Қарағанды - Астана -Бурабай курорты”, №6811/6812 “Қарағанды - Астана - Бурабай курорты” электр пойыздары Астана-1 станциясы вокзалынан, №7507/7508 “Астана - Көкшетау” электр пойызы Нұрлы Жол вокзалынан қатынайтын болады.

Билеттер құны 2271 теңгеден 2943 теңге аралығында. Билеттерді 10-нан 1 күн қалғанға дейін bilet.railways.kz сайтынан және теміржол вокзалдарындағы “Жолаушылар тасымалы” АҚ кассаларынан сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы туризмді дамыту бойынша кеңес өткізді. Президент “Бурабай” курорты аумағында орналасқан жаңа туристік аймақтарды дамытуды тапсырды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.