Берлинде әлемдегі ең ірі туристік көрмеде Қазақстан павильоны ашылды

Қазақстан жаңалықтары
06.03.2024
15:00
Берлинде әлемдегі ең ірі туристік көрмеде Қазақстан павильоны ашылды
5 науырызда Берлинде әлемдегі ең ірі ITB Berlin-2024 туристік көрмесі басталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Ол Германияның астанасында 7 наурызға дейін өтеді. Қазақстаннан көрмеге туризм саласының 23 өкілі мен Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан және Жетісу облыстарының басшылығы қатысуда.

Ашылу күні еліміздің стендін тамашалауға Берлин мэрі Кай Вегнер келді. Сонымен қатар,БҰҰ-ның туризм жөніндегі Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, экономика, энергетика және мемлекеттік кәсіпорындар жөніндегі сенатор Франциска Гиффи, Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) президенті және бас атқарушы директоры Джулия Симпсон, неміс туристік индустрия қауымдастығының президенті (DRV) Норберт Фибиг және басқалар көрді.
 
Биылғы жылы қазақстандық стенд дизайны 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.