Баламен саяхаттайтындар нені білуі тиіс?

Қазақстан жаңалықтары
01.03.2024
18:26
Баламен саяхаттайтындар нені білуі тиіс?
Көп ата-ана саяхатқа балаларымен бірге шығады. Баламен ұзақ сапарға шығарда жақсылап дайындалу керек, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл  туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұзақтығы 3 сағаттан асатын рейстерде Air Astana 3-11 жас аралығындағы балаларға “Төрт элемент” деп аталатын жол жиынтығын сыйлайды.
 
Ұшардан кемінде 24 сағат бұрын балаларға арналған тамаққа тапсырыс беріп қоя аласыз.
 
Борттағы ойын-сауық бағдарламасында балаларға арналған фильм мен мультфильм көп.
 
Сәбиімен жолға шыққан жолаушыларымызға сапары жайлы өтуі үшін баланың күтіміне қажет заттары бар балалар жиынтығын береміз.
 
2 жасқа толмаған бүлдіршіндер анасының алдына отырады.
 
Кей рейстерде 1 жасқа толмаған сәбилерге арналған балалар керуетіне алдын ала тапсырыс бере аласыз.
 
Бір балалар арбасын қол жүгі ретінде алып жүруге болады. Арба жиналған күйінде 34х32х14см өлшемдерінен аспауы керек.
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.