Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясын сертификаттаудың барлық 5 кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлары жұмыс барысында Алматы қаласында сертификаттау емтиханын сәтті өткізді, сонымен қатар әуе компания апаттық көшіру бойынша рәсімдерді көрсетті және демонстрациялық ұшуларды, соның ішінде жаттықтырғыштарда орындады.
Fly Arystan сертификаттау үдерісін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлары Ирландияның авиациялық билігі өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта жүргізді.
Әуе компанияның пайдаланушының жеке сертификатын алуы өз кезегінде авиациялық қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің дамуына әсер етеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.