Атырау облысында туризм саласына салынған инвестиция көлемі 6,6 млрд теңгені құрады

Қазақстан жаңалықтары
19.08.2024
12:36
Атырау облысында туризм саласына салынған инвестиция көлемі 6,6 млрд теңгені құрады
Атырау облысының туризм саласына салған инвестиция көлемі 175%-ға артты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Атырау облысының туризм саласына салған инвестиция көлемі 6,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 175%-ға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында инвестиция көлемі 2,4 млрд теңгеге тең болған еді.
 

«Атырау облысының туризм саласына салған инвестиция көлемінің ұлғаюы өңірдің туристік әлеуетінің жоғары екенін және инвесторлар тарапынан сенімділік бар екенін дәлелдейді. Мұндай нәтиже туристік инфрақұрылымды дамытуға және туристерді көбірек тартуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

 
Айта кетейік, туризм саласындағы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 14 бағыт бойынша бағаланады. Оларға өнер, тамақтану, ойын-сауық, демалыс және жатын орындары, көлік, кітапханалар, мұрағаттар мен мұражайлар, жалға беру қызметтері, туристік бизнес, спорт және демалыс ұйымдастыратын мекемелер кіреді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.