Атақты әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі еріктілер штабына барды

Қазақстан жаңалықтары
09.04.2024
21:05
Атақты әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі еріктілер штабына барды
Атақты әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан "Анаға тағзым" еріктілер штабында болды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Музыкант сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккендерге 15 миллион теңге аударды.

«Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын», — деді әнші.


"Анаға тағзым" азық-түлік пен тұрмыстық заттарды жинайтын негізгі орталық.

Облыста 8600 еріктінің арқасында зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Қазіргі кезде гуманитарлық көмек орталығына жеткізілген 170 тонна азық-түлік және 50 тонна тауар аудандарға таратылды.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.