Air Astana Астанадан Бодрумға тұрақты рейстерді орындайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Air Astana 2025 жылғы 19 шілдеден бастап Астана-Бодрум бағыты бойынша тұрақты рейстердің орындалатынын хабарлайды. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет заманауи Airbus A321LR әуе кемелерінде орындалады.
Астанадан Бодрумға ұшатын жаңа рейс Алматыдан аптасына бес рет орындалатын тікелей рейстерді толықтырып, Air Astana компаниясының Түркияға бағытталған маршруттық желісін кеңейтеді. Елордадан Бодрумға тұрақты рейстердің ашылуы жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға, билеттерді қолайлы күндерге брондауға мүмкіндік береді.
Эконом-класс бойынша екі жаққа билет құны 304 337 теңгеден басталады. Билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан, мобильді қосымшасынан немесе сату кеңселерінен сатып алуға болады.
Бұған дейін бұл бағытта әуекомпания тек чартерлік рейстер орындайтын еді. Чартерлік бағдарламаның соңғы кері рейстері 19 және 23 шілдеде орындалады.