Астанадан Алакөлге тікелей ұшуға болады

Қазақстан жаңалықтары
18.03.2024
10:00
Астанадан Алакөлге тікелей ұшуға болады
QAZAQ AIR әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап Астана – Үржар – Астана және Алматы – Үржар – Алматы туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы QAZAQ AIR әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Рейстер аптасына 4 рет жиілікпен жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде келесі кесте бойынша орындалады:

Сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері:

IQ 505 Астана (08:25) - Үржар (10:10)
IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10)

IQ 363 Алматы (12:40) - Үржар (14: 00)
IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10).

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.