ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Жақында Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі елдің астаналары – Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасын қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті.
15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті. Ресми іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, ҚР Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов, сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісінің кеңесшісі Син Кюхо қатысты.
Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.
Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.