Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды

Қазақстан жаңалықтары
05.08.2024
15:07
Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды
Биыл 6 айда Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Өсім 15,8%. Жеке инвестиция 21,1% өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Әсіресе, инвестиция IT-сектор (3,8 есе өсу), туризм (2,5 есе), өңдеуші өнеркәсіп (2 есе), денсаулық сақтау (2 есе) және көлік саласында (+47,1%) байқалған. 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10% өсіп, нақты өсім 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.