Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі

Қазақстан жаңалықтары
01.08.2024
11:48
Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйек, қазан айларында жүргізу жоспарлануда. Ақтау әуежайы осы кезеңде мынадай регламент бойынша жұмыс істейтін болады:

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 29 қыркүйекке дейін:

сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері – тәулік бойы 24 сағат;

дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін;

жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін жүргізілетін болады.


2024 жылғы 30 қыркүйектен 20 қазан аралығында:

сейсенбі, жұма күндері – тәулік бойы 24 сағат;

дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін;

жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін жүргізілетін болады.

Ұшу-қону жолағында жөндеу жүргізу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін, әуе кемелері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген.
«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы жолаушылардан кәсіпорынның қызметіне түсіністікпен қарауды сұрайды, өйткені біз үшін ұшулар мен жолаушылардың қауіпсіздігі бәрінен де маңызды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.