Air Astana пилоттарды дайындау жүйесін инновациялық бағдарламасы арқылы жетілдіруде

Қазақстан жаңалықтары
17.12.2024
11:00
Air Astana пилоттарды дайындау жүйесін инновациялық бағдарламасы арқылы жетілдіруде
Air Astana пилоттарды дайындау жүйесін инновациялық MPL бағдарламасы арқылы жетілдіруде, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Air Astana әуекомпаниясы пилоттарды дайындау сапасын жаңа деңгейге көтеріп, компанияның операциялық стандарттарына сай Multi-crew Pilot License (MPL) бағдарламасын енгізуде.

Испанияның Херес қаласында орналасқан Flight Training Europe (FTE) оқу орталығымен серіктестікте жүзеге асатын MPL бағдарламасы нақты әуе кемесінің типі бойынша оқытуды көздейді. Бұл курсанттардың Air Astana әуе кемелерімен үздіксіз дайындалып, жұмысқа кірісуіне мүмкіндік береді. 20 жылдан астам тәжірибесі бар FTE оқу орталығы Air Astana және әлемнің басқа да әуекомпаниялары үшін пилоттарды даярлайтын жетекші серіктестердің бірі ретінде танылған.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі MPL бағдарламасына тексеру жүргізіп, оң нәтиже берді. Бағдарламаның ресми бекітілуінен кейін әуекомпания MPL курсанттарының алғашқы тобын FTE оқу орталығына 2025 жылдың басында жіберуді жоспарлап отыр. 
Бұл бастама ТМД мен Орталық Азиядағы алғашқы MPL бағдарламасы болып, аймақтағы пилоттарды даярлаудың жаңа стандарты болмақ.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.