Air Astana мен Japan Airlines кодшер келісімін жасады

Қазақстан жаңалықтары
22.08.2024
11:05
Air Astana мен Japan Airlines кодшер келісімін жасады
Air Astana және Japan Airlines кодшеринг туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Келісім екі әуекомпанияға 2026 жылдың көктемінде іске қосылуы жоспарланған Алматы-Токио жаңа рейсіне өздерінің тиісті кодтарын қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы іскерлік және туристік саяхат үшін байланысты жақсартады, сонымен қатар екі ел арасындағы адамдар мен тауарлардың тасымалын ұлғайтады. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

“Біздің Japan Airlines-пен ынтымақтастығымыз халықаралық желімізді кеңейтетін және тұтынушыларымыз үшін көбірек саяхат нүктелерін ұсынатын үлкен шара. Қазақстан мен Жапония арасында жолаушылар үшін тұрақты тікелей әуе қатынасын ұсыну мүмкіндігін асыға күтеміз.”,- деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

“Air Astana сияқты салмақты серіктеспен ынтымақтастық жасауға қуаныштымыз. Жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту арқылы Жапония мен Қазақстан арасындағы 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға жағдай жасаймыз.”,- деді Japan Airlines компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мицуко Тоттори.


Ұшу кестесі туралы ақпарат әуекомпаниялардың жоспарлау және билет сату жүйелерін біріктіргеннен кейін қосымша жарияланады.


Japan Airlines, Жапонияның алғашқы жекеменшік әуекомпаниясы, 1951 жылы құрылған және oneworld Альянсмүшесі. Әуекомпанияның паркі 227 ұшақтардаң тұрады (2024 жылдың наурыз айында). Japan Airlines компаниялар тобы және серіктес әуекомпаниялармен бірге әуекомпания 66 елдегі және аймақтағы 384 әуежайға орындалатын кең ішкі және халықаралық желіні ұсынады. Әуекомпания ерекше қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде Skytrax бойынша 5 жұлдызды әуекомпания ретінде танылды және APEX бойынша "Әлемдік деңгейдегі" әуекомпания атағын алды. Әуекомпания ұшу қауіпсіздігі мен жалпы қызмет көрсету сапасының ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.