Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Жиддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Сонымен қатар, Компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызға дейін (қоса алғанға) тоқтатады, ал билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанға) сатылмайды.
Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият қадағалауды жалғастыруда және жолаушыларды алдағы өзгерістер туралы жедел хабардар етеді.
