Фото: airastana
2025 жылғы 13 наурыздан бастап Air Astana компаниялар тобы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында литий батареялары мен оларды қамтитын құрылғыларды тасымалдауға қойылатын талаптарды күшейтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz әуекомания мәліметіне сүйене отырып.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде сыртқы аккумуляторлар (пауэрбанктер) мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс. Егер жолаушы қол жүгін жүк бөліміне тапсыратын болса, құрылғылардан барлық қосалқы батареяларды алдын ала алып тастауы қажет.
Тасымалданатын батареялардың сыйымдылығы 100 Вт/с аспауы тиіс. Егер бұл көрсеткіш 100-ден 160 Вт/с дейін болса, жолаушы оны тек әуе компаниясының алдын ала рұқсатымен ғана алып өте алады. Бұл жағдайда әр жолаушыға екі батареядан артық тасымалдауға болмайды. Сыйымдылығы 160 Вт/с асатын батареяларды ұшаққа алуға тыйым салынады. Барлық батареялардың сыйымдылығы тексеріледі, ал көрсеткіші белгіленбеген немесе тиісті сертификаты жоқ құрылғыларды тасымалдауға рұқсат берілмейді.
Ұшу барысында литий батареялары, сыртқы аккумуляторлар мен электронды шылым құрылғылары тек жүк сөрелеріне орналастырылуы тиіс. Оларды пайдалану және қуаттау мүмкін болмайды.
Air Astana және FlyArystan жолаушыларға сапар барысында қолайсыздықтарды болдырмау үшін ресми тасымалдау ережелерімен алдын ала танысуды ұсынады.
Оқи отырыңыз: Көрісу күні: Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға акция ұйымдастырады
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.