Air Astana Қазақстандағы IT мамандары үшін үздік жұмыс берушілердің бестігінде, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Air Astana Қазақстандағы IT мамандары үшін үздік жұмыс берушілердің бірі атанып, жұмыс беруші тартымдылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Рейтинг 2025 жылдың қаңтарында People Consulting компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелеріне негізделген.
Қаржы және технологиялық компаниялар басымдыққа ие бұл рейтингте Air Astana авиация саласынан орын алған санаулы компаниялардың бірі. Бұл оның қызметінде цифрлық трансформация мен технологиялық дамуға басымдық беретінін айқын көрсетеді. Компания жасанды интеллект негізіндегі технологиялар, автоматтандырылған басқару жүйелері және операциялық тиімділікті арттырып, клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталған цифрлық платформалар сияқты IT шешімдерін белсенді түрде енгізіп келеді.
Air Astana озық технологияларды енгізіп, мамандардың үздіксіз білім алуына жағдай жасап, олардың кәсіби дамуына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды әрі инновацияларды ілгерілетуді жалғастыруда.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.