Air Astana Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Қазақстан жаңалықтары
04.04.2024
20:30
Air Astana Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Air Astana тобы Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүкті тегін жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Гуманитарлық жүк «Qamqor Charity» Алматылық қоғамдық қор жинаған ең қажетті заттар мен азық-түлік өнімдерінен тұрады. Алғашқы үш тонна гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Оралға бүгін ұшып кетті. 


Жалпы алғанда Air Astana және FlyArystan 10 тоннаға дейін гуманитарлық жүкті жеткізуді жоспарлап отыр.


Сонымен қатар, FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы зардап шеккендерге жергілікті көмек көрсету үшін еріктілерге тегін билет берді.
Air Astana тобы осы табиғи апаттан зардап шеккендерге көңіл айтып, өңірлердің тезірек қалпына келуін үміт етеді.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.