Air Astana әуе кемелер паркін кеңейтуді жалғастыруда

Қазақстан жаңалықтары
29.01.2025
18:22
Air Astana әуе кемелер паркін кеңейтуді жалғастыруда
Air Astana әуе кемелер паркін кеңейтуді жалғастыруда, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Бүгін Air Astana әуе компаниясының жаңа Airbus A320neo ұшағы Францияның Тулуза қаласындағы өндіруші зауыттан Алматыға жеткізілді. Ұшақ екі класты конфигурацияда жасақталған: 16 бизнес-клас және 132 эконом-клас орны бар.  

Жаңа әуе кемесі Air Astana тобының әуе паркіне қосылған оныншы Airbus A320neo ұшағы болып табылады. Қазіргі уақытта әуекомпаниясының әуе кемелер паркі 58 ұшақтан тұрады, олардың басым бөлігі Airbus ұшақтары.  

Әлемдік авиациядағы қиындықтар мен жаһандық жеткізілім тізбегіндегі іркілістерге қарамастан, Air Astana жетекші өндірушілерден жаңа ұшақтар жеткізу арқылы әуе паркін кеңейтуді сәтті жалғастыруда. Бұл кеңею Air Astana-ның маршруттық желіні дамытуға, операциялық тиімділікті арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуді көздейтін даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.