Air Astana Астана-Бангкок бағыты бойынша билеттерді сата бастады

Air Astana Астана-Бангкок бағыты бойынша билеттерді сата бастады

Фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясы Астана - Бангкок - Астана халықаралық бағыты бойынша билеттерді сата бастағаны туралы хабарлайды.
Тікелей тұрақты рейстер 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рет - сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Рейстер заманауи Airbus A321LR әуе кемесімен жүзеге асырылады.

Сейсенбі күндері КС8111 рейсі Астанадан 21: 25-те ұшып, Бангкокқа келесі күні сағат 07:10 жетеді, КС8112 қайтар рейсі 08: 15-те ұшып, Астанаға 14: 45-те оралады.

Жұма күндері КС8111 рейсі Астанадан 21: 05-те ұшады және Бангкокқа келесі күін сағат 06:55 ұшып барады, КС8111 қайтар рейсі 08: 05-те ұшады және Астанаға 14: 30-да ұшып келеді.

Бангкокқа ұшу ұзақтығы - 7 сағат 50 минут, қайтарда- 8 сағат 25 минут.

Екі жаққа да авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 244 616 теңгеден, бизнесте 969 496 теңгеден басталады.
Астана - Бангкок - Астана бағыты Алматы - Бангкок - Алматы күн сайынғы рейстерін толықтырады.

Билеттер әуе компанияның сайтында және қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде қолжетімді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.