19 сәуірден бастап Ресейдің Минералды сулар қаласынан Астанаға тікелей әуе рейсі ашылады

Қазақстан жаңалықтары
17.04.2024
11:00
19 сәуірден бастап Ресейдің Минералды сулар қаласынан Астанаға тікелей әуе рейсі ашылады
Red Wings авиакомпаниясы алғаш рет Минералды сулар қаласынан Астанаға тікелей әуе рейсін іске қосады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Астана әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ресейлік Red Wings авиакомпаниясы Минералды сулар – Астана жаңа бағытымен жолаушыларды қуантпақ. 

Рейстер  SuperJet-100 жайлы лайнерінде орындалатын болады. Ұшу уақыты небәрі 3 сағат 50 минутты құрайды.
Бұл Астана халықаралық әуежайының 31 халықаралық бағыты. Қалалар арасындағы қашықтық 2241 км. Бұрын жолаушылар екі қала арасында 8,5 сағаттан бір жарым күнге дейін жол жүруге мәжбүр еді. 

WZ-4301 алғашқы тікелей рейсінің Астанаға келуі 19 сәуір, сағат 13:50-ге жоспарланған. Минералды сулар қаласына WZ-4302 рейсі сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:40-та кері ұшады. 

Осы рейстің арқасында елорда тұрғындары курорттық қалаға – Минералды Суларға, ал МинСу тұрғындары Қазақстанның іскерлік орталығына қатынай алады.

Билеттерді сату қазірдің өзінде flyredwings.com. сайтында қолжетімді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.