Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
18.06.2024
19:11
 Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
ҚР Көлік министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл  туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті. 

Қатышев Дархан Маратұлы 1983 жылы Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясын «Авиациялық инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Ішкі істер органдарында бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінде сарапшы, бас сарапшы, 2009-2019 жж. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы, 2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры қызметін атқарды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.