Жол талғамайтын автокөлігі жүк пойызымен соқтығысты

Оқиғалар
15.06.2025
14:06
Жол талғамайтын автокөлігі жүк пойызымен соқтығысты

2025 жылғы 15 маусымда сағат 09:19-да Жіңішкесу – Шелек аралығының (Жетіген-Алтынкөл учаскесі) реттелетін, қорғалмайтын теміржол өткелінде жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Land Cruiser маркалы жеңіл автомобильжүргізушісінің қатысуымен ЖКО орын алды және жүк пойызымен соқтығысуға жол берді, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 
 

Құрбан болғандар жоқ. Жүргізуші қолының сынуы жарақатын алды, оған медициналық көмек көрсетілді.

Теміржолшылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында пойыз қозғалысы сәл 30 минутқа кешігіп, қалпына келтірілді.

 

Өткел барлық қажетті ескерту белгілерімен жабдықталған.   Жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 23 ЖКО орын алды. Негізгі себеп - автокөлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы. Сонымен қатар, локомотив бригадаларының кәсібилігі, қырағылығы мен жоғары жауапкершілігі арқасында теміржол өткелдерінде 32 ықтимал ЖКО алдын алуға мүмкіндік туды.

ҚТЖ жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және темір жолдарды кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырады. 


 

 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.