ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздікті сақтауға кеңес береді

Оқиғалар
04.07.2025
12:32
ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздікті сақтауға кеңес береді

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.


Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.


 

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.


 

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау және азайту мақсатында ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.


 


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.