Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Алакөл көлінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты азаматша Галина Ивановна Сизикованың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Біз отбасы мүшелерінің қайғысына ортақтаса отырып, бұл қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты және әділ тергеуге, сондай-ақ кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға сенім артамыз.
Министрлік туристік маусым алдында жергілікті атқарушы органдар мен орталық құзырлы мемлекеттік органдардың назарын, әсіресе жағалау мен су айдындарындағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне аударған болатын.
Сонымен қатар су көлігі қызметін реттеу мәселелері, оның ішінде лицензиялау, басқаруға рұқсат беру, техникалық тексеріс және шағын көлемдегі кемелерді тіркеу — Туризм және спорт министрлігінің құзыретіне жатпайды.
Осыған байланысты, министрлік Көлік министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ресми хат жолдап, су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін бақылауды күшейту және мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау жөнінде қатаң ұсыныс білдірді.
Министрлік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жүйесін жетілдіру және уәкілетті құрылымдар тарапынан ақпараттандыру, алдын алу және бақылау мәселелерін қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жұмыстарын жалғастырады.