Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдады.
Сағат 16:00-де ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.
"Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстер үшін уақытша жабық. Осының салдарынан тұрақты рейстердің кешігуі күтілуде. Біз жолаушыларымыздан орын алған келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - делінген хабарламада.