Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары туристке көмекке келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында 1980 жылы туған әйел күйеуімен бірге туристік маршрутпен жүріп келе жатып, аяғын сындырып алып, 3000 м биіктіктен өздігінен түсе алмады.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсіріп, оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.