Құтқарушылар 35 шетел азаматты эвакуациялады

Оқиғалар
06.11.2025
11:35
Құтқарушылар 35 шетел азаматты эвакуациялады

Бүгін таңертең Ақмола облысы Бурабай ауданы Баянбай ауылының маңында Астана — Петропавл бағытындағы рейстік автобустың бұзылуы орын алды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жүргізуші көмек сұрап құтқарушыларға хабарласқан.


ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан барлық жолаушыларды эвакуациялады. Адамдар теміржол вокзалына жеткізілді.


Барлығы 35 адам эвакуацияланды. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екен. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.