Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлғаны үшін студент қатаң жазаланбақ

Оқиғалар
16.04.2024
14:33
Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлғаны үшін студент қатаң жазаланбақ
Полиция Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған студентті анықтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында пайдаланушылардың бірінің парақшасынан жас қыздың қызыл кітапқа енген және заңмен қорғалатын гүлдерді жұлып алғаны жайлы бейнежазбаны тапты. Тексеру кезінде жойылып кету қаупі төнген “Грейг” қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жұлғаны анықталды.

Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Барлық жағдайлар анықталуда.
Түркістан облысының полициясы "Грейг" қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.