Астана іргесіндегі Қосшы көшесінде ақбөкен шауып жүр

Оқиғалар
10.02.2024
15:30
Астана іргесіндегі Қосшы көшесінде ақбөкен шауып жүр
Астана іргесіндегі Қосшы қаласының көшесінде ақбөкен шауып жүр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Видеоны Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметкері TikTok желісіне жүктеген.
 
Бейнежазбада ақбөкеннің көшенің қақ ортасында шауып бара жатқанын байқауға болады. TikTok қолданушысы Сүйінбай көшесімен көлігінің 60 шақырым жылдамдықпен зырғып келе жатқанын айтады. Бұл оқиға желі қолданушыларын да таң қалдырды.
 
«Сенімен жарысып келе жатыр ма? Не істеп жүр. Қайда шауып бара жатыр?», - дейді жүргізушінің қасында отырған бейтаныс адам.
 
Видео 1 күн бұрын жарияланған. Оны 60 адам көріп, лүпіл басқан.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.